Баламалы пікірлер айтылады

(0 Votes)
Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ
Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен бүкіл деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын 2023 жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынған болатын.

Міне, кеше ғана Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізіп, Жарлыққа қол қойды.

Президент халықтың референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтып, Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің сайлауына қоса, әр деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізудің қажеттігі де туындап отыр.

Десе де, бұл шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының заң шығарудағы еңбегі мен мәслихат депутаттарының жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Осы ретте алдымен Парламент Мәжілісінен орын алатын партиялар қатары көбейеді деген үмітім бар. Өйткені, Мәжілістегі партиялар қатары көбейер болса, баламалы пікірлер де айтылады деп ойлаймын.

Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ,

Қазақстан Халық партиясы Атырау қалалық филиалының өкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521