Балалар қауіпсіздігі басты назарда

(0 Votes)

Жаңа оқу жылы басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында 26 тамыз - 6 қыркүйек аралығында республикалық «Абайлаңыз - балалар!» акциясы өткізілуде.
Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының  жол қауіпсіздігін қадағалауды ұйымдастыру тобының инспекторы полиция капитаны Айбек Алимов баяндамаларын мәлімдеді.

-Жыл басынан бері Атырау облыс көлемінде жасөспірімдердің қатысуымен 102 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,  салдарынан 5 жасөспірім қаза тауып, 124 жасөспірім әртүрлі дене жарақаттарын алды. Оның ішінде, жасөспірімдердің кінәсінен 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,  3 жасөспірім қаза тауып, 19 жасөспірім дене жарақат алған. Мәселен, 27 шілде сағат 21:00 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 2010 ж.т жасөспірім мотокөлік басқарып,түйе малына соқтығысқан. Салдарынан жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, 22 тамыз күні Көктем ықшам ауданы тұсында 2008 ж.т жасөспірім басқаруындағы Hyundai автокөлігі жолдан өтіп келе жатқан 2016 ж.т велосипедшіні қағып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Ол ауруханаға жеткізілді. 
Осы тұста, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысуға, жаяу жүргіншілерді жолдан өту ережесін бұзбауға шақырамыз,-дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT