banner_damu

Балаларға мүгедектік топтар белгіленеді

(0 Votes)

ҚР ның Заңымен жеті жастан бастап балаларға мүгедектектік топтарын белгілеуді көздейтін жаңа норма ағымдағы жылдың 24 қазанынан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа нормаға сәйкес баланың денсаулығының бұзылу, әрекет ету қабілетін ескере отырып, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мүгедектік топтар  белгіленеді.

Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы  Гүлнар Меңдігариева мәлім етті.

- Бүгінгі  күні мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорындағы ақпаратқа сәйкес,  Атырау облысы бойынша барлығы  23433  мүгедектігі бар азаматтар  тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгілердің саны – 3790 баланы құрайды. Ал 7 жастан 18 жасқа дейінгі  мүгедектігі бар  балалар саны - 2260.

         Сонымен қатар, мүгедектік санаттағы балалар мен ДЦП диагнозының ауыр сатысы мен орташа немесе жеңіл  деңгейдегі сатысындағы балаларға күтім өте қажет және  олардың оқуға, бағдарлай білуге, қарым – қатынас жасауға қабілеттері әртүрлі.

Осыған орай, Заңға енгізілген өзгерістер  балаларды мүгедектік, ағза функцияларының бұзылу ауырлығына және жұмыс істеу дәрежесіне қарай мүгедектік топты саралап анықтауға мүмкіншілік береді, деді спикер.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика