Балабақшаға қабылдау: жаңа оқу жылына жас ерекшеліктеріне қарай топ жасақтау қалай жүргізіледі?

(0 Votes)

КМҚК “Мерей” бөбекжай балабақшасында 2025-2026 оқу жылына топтарды жасақтау қалай жүргізілетінін хабарлады. Балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.

Ваучер алу үшін қажет:
1. Келісімді 2 жұмыс күні ішінде растау керек. Ваучер расталмаған жағдайда өтініш белсенді емес болып есептеледі, ал ата-ана немесе заңды өкіл оны 28 күнтізбелік күн ішінде тек бір рет қайта қалпына келтіре алады.

2. Балабақшаны таңдап, құжаттарды жинап, келісімшартты 5 жұмыс күні ішінде рәсімдеу қажет.

Егер ваучерден бас тартса, кезек жойылады. Егер қалаған балабақшада бос орын болмаса, ата-ана баланы «күту парағына» қоя алады. Бос орын пайда болған жағдайда жеке кабинетке жаңа хабарлама жіберіледі.

Бос орын туралы хабарламалар алдымен кезекте тұрғандарға беріледі. Ата-анаға жолдаманы растауға немесе одан бас тартуға 2 күн беріледі. Егер жолдама расталса, 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырып, келісімшарт жасайды. Қажет болған жағдайда жолдаманы 30 күнтізбелік күнге дейін бір рет ұзартуға болады.

📌 Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, мерзімі өтіп кеткен болса немесе екпе алмаған балалар саны рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, балабақша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Құжаттарды алдын ала тексеріп, жеке кабинеттегі хабарламаларды қадағалап отыру қажет екені ескертіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT