«Бақытты отбасы – Атырау» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған

(0 Votes)

Атырауда «Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасы бойынша 90-ға жуық отбасы тұрғын үймен қамтылады.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баспасөз конференциясында мәлім етті.

- Кезекте тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін «Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - қатысушыларға бастапқы жарнасыз қолданыстағы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі. Мұндай шарт Қазақстанның ешбір өңірінде жоқ, - деді облыс әкімі.

Бұл бағдарламаның жылдық мөлшерлемесі – 5 пайыз, ал несие өтеу мерзімі – 20 жылға дейін белгіленген. Бағдарлама шеңберінде Атырау қаласында 18 млн теңгеге дейін және аудандарда 13 млн теңгеге дейін қарыз беру қарастырылған. Осы мақсатқа бүгінгі таңда 1,6 млрд теңге бөлінді. Ал бағдарламаның шілде айында іске қосылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика