"Азық-түлік бағасын көтермеңіз": Атырау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлерге үндеу тастады

(0 Votes)

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Атырау қаласы әкімдігінің мамандары барлық сауда орталықтарының, базарлардың, дүкендердің басшыларымен кездесулер өткізді. Оларға су тасқынына дайындық кезеңінде азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша нақты ұсыныстар мен хабарламалар берілді.

- Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қорғаныс бекеттерін нығайту үшін қажетті қаптардың, күректердің және басқа да қажетті құралдардың бағасын ұстап тұру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Егер бір жерде осы заттардың бағасы жоғары екенін байқасаңыз, Атырау қаласының әкімдігіне хабарласуыңызды сұраймыз. Біз осы мәселелердің барлығын бақылауда ұстауға тырысамыз, - деді Нұржан Ермұханов.

Атырау облысының жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521