«Қазіргі қадамдар – ертең үшін»

(0 Votes)

«Қазіргі жасалып жатқан қадам, іс-шаралардың барлығы да келешекке арналады.

Сондықтан, референдумда біз қандай таңдау жасасақ, соның нәтижесінде болашағымыз қалыптасады. Тәуелсіз елдің келешегі, жаңа қоғам, жаңа адам ұстанымына бастайтын бірден-бір жол осы». Осындай пікірін білдірген белгілі өлкетанушы, тарихшы, Қазақстанның Құрметті журналисі Өтепберген Әлімгереев республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. «Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде әлемде өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Сол үрдісті одан ары жалғап, республикамызды одан ары күшейту, оның мүмкіндіктерін арттыру талабы туындады. Себебі, дүние өзгеріп, жылдар өткен сайын ел де, мемлекет те жаңару үстінде болатыны белгілі. Бүгінгі өткізіліп отырған референдум – ұлттық қажеттіліктер мен республиканың кемелденуіне орай туып отырған мәселе. Келешекте іргесі берік, шаңырағы нық ел болу үшін жоғымызды бүгіннен бастап, түгендеуіміз керек. Сондықтан, келешекті жарқын ету жолындағы жалпыхалықтық референдумға қатыстым» дейді ол. Өтепберген Әлімгерейұлы қуатты елдің негізгі құраушылары ретінде саяси шараға қатысушылардың кәрі-жас демей, белсенді қатысып жатқанын да атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521