banner_damu

ҚАЖ департаменті Тәуелсіздік мерекесін атап өтті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шара Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен санитарлық нормаларды сақтай отырып аталып өтті.

Мерекелік шара «Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында» бастау алып, Атырау облысы Әкімінің алғыс хаттарын облыс әкімінің орынбасары Қайрат Әскербекұлы Бекенов табыстады. Кейіннен салтанатты жиын Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде жалғасын тауып алғашқы құттықтау сөз Департамент бастығы әділет полковнигі Манарбек Серікқалиұлы Габдуллинге берілді.

Департамент бастығы мереке қарсаңында өз қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттау туралы ҚР Президентінің жарлығы, ҚР денсаулық сақтау министрлігігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, , Полиция департаменті бастығының және Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті бастығының алғыс хатымен төс белгілерін табыстады. Марапаттау рәсімі аяқталғаннан соң, Қылмыстық - атқару жүйесінің құрметті ардагері Қази Шакирұлы Дайров, ҚР Президентінің жарлығы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты, «Халық алғысы» медалімен мараптталған 157/9 мекемесінің мейір бикесі Шабдарова Гүлнар Мақсотқызы, ҚР Президентінің жарлығы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты, «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен  мараптталған Майра Хабдулкарымқызы Метенова құттықтау сөзін сөйлеп, өз алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ІІО бірқатар ардагерлері тұрғылықты мекен-жайларына барып Департамент басшылығымен марапатталды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика