Азаптау істер бойынша қадағалау жұмыстары күшейтіледі

(0 Votes)

2022 жылғы 16 наурызда Атырау облысының прокуратурасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция және қылмыстық-атқару жүйесінің облыстық департаменттері басшылығының қатысуымен азаптауларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғаушылармен және адвокаттық қоғамдастықпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты тергелудегі тұлғаларға қатыгездікпен қарауға ықпал еткен жағдайларды анықтау және жою, қылмыстық қудалау органдарының ғимараттарын бейнебақылау жүйелерімен қамту және олардың жұмыс жарамдығы бойынша проблемалық мәселелерді талқылау болды.

«Қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттердің түрлерін қолдануға жол берілмейді және адам құқықтары туралы халықаралық нормалармен сөзсіз тыйым салынады», – деп атап өтті Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал ГИЛИМ.

Кездесу қорытындысы бойынша адвокаттар мен құқық қорғаушылар қатарынан қылмыстық қудалаудың орбитасына тартылған тұлғаларға қатысты дене күшін қолдануға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды.

«Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау – бірінші кезектегі міндет. Осыған байланысты біз азаптауды жою бойынша бірлескен іс-қимылдар кешенін әзірлейміз», – деп қорытындылады прокурордың орынбасары.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521