Азаматтық қорғаныс күні - халықаралық акция

(0 Votes)
фото: gov.kz

1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні» атап өтіледі.

Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшін біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар (бұдан былай АҚ пен ТЖ) қызметтері болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.

Халықаралық Азаматтық Қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 1931 жылы құрылған. Ресми атауын 1958 жылы алды,1975 жылы ұйымның жарғысы Біріккен Ұлттар ұйымының хатшылығында тіркелді. Қазіргі таңда Еуропа, Азия, Африканың 70-ке жуық елін біріктіріп отыр.1997 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының «ҚР Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына кіруі туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді. 1997 жылдың қазанында ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен еліміз ХАҚҰ толыққанды өкіл болды. Еліміздің ұйымға кіруі халықаралық төтенше жағдайлар құрылымдарында, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы елдердің қорғаныс жүйесінде өз орнын алуға мүмкіндік туғызды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қол қойылған халықаралық келісім шарттардың негізінде әртүрлі елдермен өзара ынтымақтастыққа қол жеткізді. 1996 жылдан бастап ТЖ министрлігінің мамандары түрлі халықаралық конференция, семинарларға қатысуда. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Авариялық құтқару қызметтер туралы», «Өндірістік қауіпсіздік туралы» ҚР-ның заңдары қабылданды. Осы заңдармен төтенше жағдайлар кезінде, бейбіт және әскери жағдайда да ҚР аумағында қоғамдық қатынастар реттеледі.

Қазіргі кезде қоршаған ортада түрлі өзгерістер мен толқулар сыр беруде. Атап айтсақ, климаттың күрт өзгеруінен табиғи және шикізат ресурстарын шектен тыс пайдаланудың салдарынан болатын түрлі апаттар, жаңадан шыққан түрлі жұқпалы аурулардың таралуы - осының барлығының қоршаған ортаға тигізер әсері орасан зор. Адам, табиғи және материалдық ресурстардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. Сондықтан да сақтандыру жүйесін күшейтуді жедел қолға алып, төтенше жағдайларға ықпал етудің сапасын арттыру қажет. Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні- бұл жұрттың өмірі мен қоршаған ортаны құтқару жөніндегі азаматтық қорғаныстың маңызды міндеттеріне қоғам назарын аударуға кезекті күш салу.

А.Әлібекқызы,

Құрманғазы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің

бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521