Қазақстанның келешек келбетіне қатысты мәселелерде байсалды әңгіме қажет – Дархан Қыдырәлі

(0 Votes)

Қазақстанның болашағына, келешек келбетіне қатысты мәселелерде байсалды әңгіме қажет. Бұл туралы бүгін Сенат жанынан құрылған «Ұлттық мүдде» диалог алаңының бірінші отырысында Мәжіліс депутаты Дархан Қыдырәлі айтты.

«Шын мәнінде мұндай диалог алаңы керек және оның «Ұлттық мүдде» деп аталуы өте орынды. Өйткені әркімде плюрализм қағидатымен түрлі пікір болуы тиіс. Бір бәріміздің ат байлар алтын қазығымыз, ортақ құндылығымыз – ұлттық мүдде. Қазіргі геосаяси жағдай да, еліміздегі ахуал да соны көрсетіп отыр. Сөзіме кіріспес бұрын қаңтар оқиғасына қатысты бір ауыз тоқталып кетсем бе деймін. Себебі тарихшы ретінде, жалпы қазіргі төңірегіміздегі ахуалдардан да жақсы көріп отырмыз. Төңкеріс, билікті күштеп басып алу - жалпы адам құқықтарына ең үлкен қиянат, әділеттілікке ең үлкен қиянат. Егер төңкеріс жүзеге асқанда, онда еліміз біріншіден артқа кететін еді. Екіншіден, елдің абыройына үлкен нұқсан келер еді. Және де бұл үлкен созылмалы дертке айналар еді. Мысалы, Түркияда он жыл сайын төңкеріс болып тұрды. Одан енді ғана құтылып жатыр. Төңкеріске тойтарыс беру арқылы Мемлекет басшысы өзінің демократиялық қағидаттарға, саяси реформаларға қаншалықты табанды күресетінін айқындап берді. Оны кеше Жолдауда да анық аңғардық, Жолдау - ұзақмерзімді Қазақстанның болашағын айқындайтын стратегиялық қоғамға құжат», - деді Дархан Қыдырәлі.

Осы орайда ол екі мәселеге көңіл аудартты.

«Біріншісі - бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы. Медиа немесе коммуникациялық құралдар қазіргі кезеңде өте маңызды. Бүгінде заң жобасының қажеттілігі талассыз. Сөз бостандығы, ойдың еркіндігі қамтамасыз етілуі керек. Мұны анық сезініп жатырмыз. Өткір өзекті материалдар өте көп. Ол еліміздің реформаларына үлкен үлес қосады деп сенемін. Бір айтатын нәрсе, тапсырыстардан немесе БАҚ-тарда бет жыртысудан мәдениеттілікке, білімділікке көшсек деген ой. Себебі қазір әлеуметтік желі шын мәнінде желөкпе сөздің орталығына айналып жатады. Қоғамның саясиланып бара жатқаны да белгілі. Сондықтан бізге бұл кезеңде, жолайрықта біліктілік, мәдениеттілік, әділеттілік пен жауапкершілік аса маңызды деп ойлаймын», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бүгінгі бас қосу да осы азаматтық қоғамның көрінісі.

«Мұны тұрақты жүргізіліп тұрса деп ойлаймын. Бұл Жолдауды қолдау емес, Жолдауды талдау және оның болашағын айқындауға үлес қосады. Өйткені байсалды әңгіме қазіргі кезеңде керек. Әсіресе, зиялы қауымға деген сенімге селкеу түсті. Сондықтан жаңа Қазақстанда жаңа зиялы өсіп шығуы керек. Ол жалтақ емес, жағымпаз емес, жаңа сериялар болуы керек. Жаңа сөз айтылуы тиіс. Бізде көбіне «өрт сөндіруіші» секілді проблема шықса, соны басуға тырысамыз. Ал шын мәнінде Қазақстанның болашағы қандай болады, келешек келбеті қалай болады, ұлттың болмысы қалай қалыптасуы керек деген мәселелерде байсалды әңгіме қажет. Сондықтан бүгінгі әңгіме, диалог алаңы атына заты сай ұлттық мүддеге қызмет ететін үлкен мінберге айналады деп ойлаймын. Және де Сенаттың жанынан құрылуы да бұған мүмкіндік береді», - деді Дархан Қыдырәлі.

Inform.kz

 

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика