Қазақстанда жұмыртқа өндірісі 8% - ға қысқарды

(0 Votes)
2021 жылғы қаңтарда ел қалаларының базарлары мен дүкендерінде 10 жұмыртқаның құны 396 теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 30,4%-ға артық. ҚР ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде жұмыртқалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау тұрғындары үшін ең қымбат, ал Тараз тұрғындары үшін ең арзан болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат
 
Қазақстан құс өсірушілер одағы президентінің мәліметтеріне сәйкес, құс тұмауының таралуына байланысты өндірістің құлдырауы және саладағы бағаның өсуі байқалады. Одақ басшысының пікірінше, бағаның өсуі үшін делдалдар жауап береді, соның салдарынан 30%-дан 50% - ға дейін өсіп жатыр. Құс өсірушілердің өздері де отандық асыл тұқымды базаның тапшылығына тап болып отыр.
 
Елге әкелінген тауықтар жыл сайын фермерлерге қымбатқа түсуде. Көптеген кәсіпорынға өндірісті кеңейтуге ғана емес, жарты жылдың ішінде төрттен бір есеге қымбаттаған жем-шөп сатып алуға да айналым қаражаты жетпейді, деп мәлімдейді Қазақстан құс өсірушілер одағы.
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT