banner_damu

Қазақстанда пойыздар 1 және 10 маусымда жүре бастайды

(0 Votes)

15 мамырдан бастап Қазақстанның ішкі бағыттарына теміржол билетін сату басталады.

«2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынасын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билет сатылады», – деп жазылған ҚТЖ сайтында.

Республикаішілік пойыздар қозғалысын екі кезеңде: 2020 жылдың 1 және 10 маусымынан бастап бастап іске қосу жоспарланып отыр.

Бұған дейін бастапқы кезеңде төмендегі бағыттар бойынша 54 пойыз жүретіні айтылған болатын: Нұр-Сұлтаннан Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл / Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылордаға; Алматыдан Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавлға; Қызылорда – Семей; Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы; Қарағанды ​​– Жезқазған; Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары.

Карантин режимі жағдайында вокзалдардың жұмыс істеу және жолаушылардың пойыздарда жүру регламентіне қатысты ақпарат қосымша хабарланады. Еске сала кетейік, 13 мамырда Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыста ішкі теміржол қатынасын 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен жандандыру туралы шешім қабылданды.

aikyn.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика