banner_damu

Қазақстанда КЕҰ үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар байқауы басталды

(0 Votes)

23 тамызда «Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына қатысу үшін қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардан өтінімдер қабылдау басталады.

Жобаның басты мақсаты – коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, оларды бизнес жүргізу дағдыларына үйрету және әлеуметтік проблемаларды кәсіпкерлік тәсіл арқылы шешу.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен бүкіл ел аумағында жүзеге асырылуда

Жобаның бірінші кезеңі 2021 жылдың 23 тамызынан 17 қыркүйегіне дейін жалғасады. Оның барысында тілек білдірушілердің өтінімдері жиналып, комиссия конкурс шарттарына сәйкестігіне іріктеу жүргізіледі. Қатысуға елдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытқысы келетін барлық КЕҰ шақырылады.

Екінші кезеңге өткен қатысушылар онлайн режимінде оқыту бағдарламаларының бірінен – «Инкубатор» және «Акселератор» әлеуметтік кәсіпкерлік, маркетинг, қаржы және бизнестің заңдық аспектілері саласында өту мүмкіндігіне ие болады. КЕҰ өкілдерін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуда үлкен тәжірибесі бар сарапшылар оқытады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалистер анықталып, олар өздерінің әлеуметтік жобаларын конкурстық комиссияға ұсынатын болады. Үздік идеялар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға 3 млн теңгеге дейін гранттар алады. Жоба жеңімпаздары желтоқсан айында жарияланады.

3 жыл ішінде жобаға Қазақстанның КЕҰ-ның 360-тан астам өкілі қатысты, 120-дан астам ұйым 500 мыңнан 3 млн.теңгеге дейін гранттар алды. Коммерциялық емес ұйымдар өз бизнес-моделін құра отырып, жобаларды сәтті жүзеге асырды және сонымен бірге әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесті.

«Жақында Кәсіпкерлік кодекске әлеуметтік кәсіпкер деген ұғым енді. Жобаға тек қаржыландыру үшін ғана емес, көптеген адамдар осы бағытта не істеу керектігі туралы сапалы білім алғысы келетіні маңызды. Қазақстандық КЕҰ өзін-өзі өтеуге көшетін, мемлекеттік гранттарды күтуге уақыт жоғалтпайтын кез келді. Өңірлерде КЕҰ-дың жақсы мысалдары бар, олар қайта құрылып, шағын кәсіпорындар ашты. Бұл бірден бірнеше мәселені шешуге көмектеседі, мысалы, жұмыссыздық деңгейін төмендету, әсіресе мүгедектігі бар адамдар арасында. Сондай-ақ, осының арқасында әлеуметтік бағалар бойынша қызметтерге қолжетімділік, шағын оңалту және дамыту орталықтарын, бейімдеу секцияларын ашу және т.б. өсуде», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Байқау үшінші рет өткізілуде және оның тарихында көптеген сәтті жобалар бар. Солардың бірі – «Kishkentai Inclusive» жобасы. Жоба 2019 жылы «Әрекет» грантын алып, мүгедек балаларға арналған тыныс алу гимнастикасы мен сөйлеуді дамыту жиынтығының бірегей өндірісін құрды. Қазір кәсіпкерлер балаларға арналған экомебель өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.

«Әрекет» біз үшін трамплинге айналды. Біз жобаны дамытуға грант алып, өндірісті жолға қойдық және ұлғайттық. Бірақ ең құнды нәрсе – бұл жоба бізге берген білім мен тәжірибе. Біз оларды іс жүзінде сәтті енгізіп, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Жобаны 17 ш.м. үй-жайдан бастадық, бізде 2 адам болды. Қазір бізде 100 ш.м. алаңда инклюзивті шеберхана және 10 адамнан тұратын команда бар, оның ішінде 4 адам - ерекше қажеттіліктері бар жастар. Біз желіні кеңейтіп, ойыншықтар шығара бастадық, жақын арада логопедтерге арналған арнайы жиһаз шығара бастаймыз», - деп атап өтті «Белсен» ҚБ басшысы Гүлмира Пармышева.

Өтінімдерді қабылдау ережелерімен толығырақ «Samruk-Kazyna Trust» Қорының http://www.sk-trust.kz/ сайтында және әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

 

 

 «Samruk-Kazyna Trust»

Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының

Корпоративтік қызметі

Айжан Молдабаева

+7 771 850 1990

a.moldabayeva@sk-trust.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика