Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты мемлекет атанды

(0 Votes)

Қазақстан әлемдік бақытты мемлекеттер тізімінде 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз 5 сатыға жоғарылап, ТМД елдерінің барлығын басып озды, деп хабарлайды  World Happiness Report сайты. 

Рейтинг 2019-2021 жылдар аралығында жүргізілген сауалнама нәтижесін көрсетеді. Сауалнамаға әлем бойынша 9 миллион адам қатысқан. 

Бесінші жыл қатарынан Финляндия ең бақытты мемлекет атанды. Алғашқы ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль мен Жаңа Зеландия енді. 

АҚШ 16-орынға тұрақтаса, 17-орында Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясы 24 және 25-орындарды иеленді. 

Қазақстан тізімде 5 сатыға көтеріліп, 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз ТМД елдерінің барлығын басып озды. Өзбекстан 53-орынға, Молдова Республикасы 62-орынға, Қырғызстан 64-орынға, Беларусь 65-орынға, Ресей 80-орынға, Армения 82-орын, Тәжікстан 83 және Әзірбайжан 92-орынға тұрақтады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика