Азғыр - атауы айтысқа айналмасын

(1 Vote)

Атырау облысының Ресей Федереациясының Астрахань облысымен шектесіп жатқан шалғайдағы шағын ауыл аты Азғыр аталады.

Бұл бүгін пайда болған атау емес ертеден жеткен Совет Одағы кезінде бұл ауыл жер асты ядролвқ сынақ алаңына айналды. Ядролық сынақ елді екіге бөліп, жерді аздырды. Халық ауруға ұшырады.

Ауыл шаруашылығына, малға ыңғайлы, жер асты ауыз суының мол қоры бар аймақтың азып тозуы оның атына қатысты ой пікірлер туғызды. Әлеуметтік желіде Азғыр атын басқаға ауыстыру керек деген ұсыныстар жарық көрді. Бірі қолдап екіншілері қарсы болды. Пікір екіге бөлінді. Маған да хабарласқандар бар. Мен өзім де осы Азғыр атауына қатысты әр түрлі ойда жүретінмін. Осы атты ауыстырса (мағынасы жақсы сөзге) деп ойлайтынмын. Бірақ, бұл неге осылай аталды, Азғыр қалмақ сөзі деген шындық па әлде негізсіз айтылған әңіме ме деген сұрақтар да мазалап нақты бір тоқтамға келе алмадым.

Енді әңгіме көтерілген кезде бұл атаудың шығу тарихы, мағынасы туралы ғалымдардың пікіріне жүгіну жөн шығар деп өзім білетін ғалым Гүлбану Сейілбекқызы Қосымоваға хабарластым. Ол кісі Азғыр сөзі - көне түркілік сөз, екі мағынасы бар деп жауап берді. Бірінші мағынасы - Айғыр. Көне Түркі тілінде Айғыр осылай дыбысталған екен. Кейін"з" дыбысы "й"-ға ауысқан (тіл заңдылығы). Танымал ғылым докторы Гүлбану Қосымованың пікірін Түріктің ғұлама ғалымы, көне Түркі тілінің маманы Мехмет Би құптаған. Мехмет Бидің айтуынша "Азғыр" деген Айғыр ұғымының бір версиясы.Хакасияда (бұл Түріклік халық) "Асғырд"/"Азғыр" деген сөз бар көрінеді. Азғыр сөзінің екінші мағынасы астрономиялылық атау - Сирус жұлдызы дейді профессор Гүлбану Қосымова. Осы мағыналардың қайсысы келетінін өңірдің географиялық ерекшелігінен не тарихи оқиғадан іздеу дұрыс деп қортындылайды ғалым. Менің ойымша осындай ғылыми түсіндірмеден соң Азғыр атауын айтысқа айналдырмағанымыз дұрыс.

Ал жоғарыдағы екі мағынаның қайсысына тоқтау керек десек оны ақсақалдар мен өлке танушылар еншісіне берсек.

Сәрсенбай Еңсегенов,

Астана -Атырау, 2021 жыл

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521