banner_damu

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды бағдарламасына қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес, мемлекет кандидаттардың бағдарламалары мен БАҚ төлем жасау үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.

- Ауылдық округ әкіміне кандидаттардың сайлауалды бағдарламасын жүргізуі үшін – бір кандидатқа 220 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде телеарналар және радиотораптары арқылы сөз сөйлеу, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде мақалалар жариялау үшін 170 мың теңге қарастырылған. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін 17 мың теңге, көлік шығындарына 30 мың теңге және үй-жайларды жалға алу үшін 3 мың теңге бөлінген, – деді Айнұр Аманжолова.

Ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлерді бюджеттен қаржыландыру, аумақтық сайлау комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі. Жалпы жыл аяғына дейін сайлау процесіне 120 млн 248 мың теңге қарастырылған.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика