АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ 72 ПАЙЫЗЫ ЖАҢАРДЫ

(0 Votes)
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көптеген ауқымды мәселелер қозғалды. Солардың бірі, Мемлекет басшысы биылдан бастап аудан әкімдерін ауыл халқының тікелей сайлауы жайында айта келіп, жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылғанын жеткізді. 

«Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр. Пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал, Атырау облысына келсек, 2025 жылы аудан әкімдерін сайлау процесі жалғасуда. 2025 жылдың 2 ақпанында Исатай ауданының Зинеден ауылдық округі мен Қызылқоға ауданының Ойыл және Тасшағыл ауылдық округтерінде әкімдер сайланды. 
Қазіргі уақытта, 2025 жылдың 6 сәуіріне жоспарланған әкімдер сайлауы туралы хабарламалар жарияланды. Атырау облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өтеді. 
Сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту жұмыстары 2025 жылдың 10-19 ақпан аралығында өткізілді. Бұл шара жергілікті сайлау комиссияларының біліктілігін арттыруға бағытталған. 
Атырау облысында әкімдер сайлауының өткізілуі жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге және тұрғындардың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыруға ықпал етеді.      
 
Зерек Сағырпазова, мемлекеттік қызметтің ардагері
 
Фото: Ақорда

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT