banner_damu

Ауыл әкімдерін сайлау көптеген салалардың дамуына жол ашады

(0 Votes)

Ауыл әкімдерін сайлау ауылдағы проблемаларды анықтаумен қатар, тұрғындардың азаматтық ұстанымын білдіруге және төртінші деңгейдегі бюджет аясында ауылдық округтердің өз бюджетін құруға мүмкіндік береді.

Қоғамдық бақылаудың артуы, халықтың сайлауға тікелей қатысуы, бәсекелестіктің болуы көптеген салалардың дамуына жол ашады.

Бізде «Ауыл» партиясының атынан өз кандидатымызды ұсындық. Сөйтіп бәсеке алаңында жолықпақпыз. Кандидаттар арасында пікір-сайыс ұйымдастырылып, дода қыза түссе, әркім ауыл басқарудағы жобасын қорғап шықса, ол ауылдың бағы емес пе?

Осыдан кейін тұрғындар билік өкілеттілігіне кімнің лайықты екенін анықтап, саяси таңдау жасайды. Бірте-бірте сайлау мәдениеті қалыптасады. Көп жағдайда «бізсіз де сайланар», дейтін әдетіміз бар ғой. Ол енді сайлаушының өресінің қандай екенін білдіреді.

Сондықтан да әр тұрғын өзінің азаматтық ұстанымын міндетті түрде білдіру керек.

Керімбай САБЫРҒАЛИЕВ, «Ауыл» партиясының Индер аудандағы жетекшісі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика