Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылдың 1 тоқсанында 20 аудит іс-шараларын жүргізіп, аудит нәтижесімен жалпы сомасы 157,8 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - 24,0 млн.теңге, қаржылық бұзушылықтар – 133,8 млн.теңгені құрады.
Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылаумен 27482 рәсімдер қамтылып, камералдық бақылаумен 551 мемлекеттік сатып алулар бойынша жалпы сомасы 6258,0 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталып, олардың нәтижесімен 550 хабарлама жіберіліп, толықтай орындалды.
2020 жылдың 1 тоқсанында комплаенс бақылауымен қамтылған 26 келісім-шарт сомасы 369,1 млн. тенгеге жасақталып, 11-нен сомасы 3,3 млн. тенгенің бұзушылықтары анықталды. Аудит қорытындысымен жалпы анықталған бұзушылықтардың қалпына келтіріліп, бюджетке өтелуге тиісті 133,8 млн. теңгенің алынған шаралармен оның 129,7 млн.теңгесі қалпына келтіріліп, бюджетке өтелді, яғни 97 пайыз. Департаментпен 101 лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 4,1 млн.тенгеге әкімшілік айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілді.
Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне нұсқамалар жолданып, қорытындысымен 11 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыстың құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 62,6 млн. теңгенің 1 аудит материалдары жолданды. Бұдан басқа, құқық қорғау органдарының сұрау салулары негізінде мемлекеттік аудиторлармен жасақталған 7 маман қорытындысы бойынша жалпы сомасы 334,5 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды. Сонымен қатар,
Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету, жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша есептеріне талдау жүргізу, олардың тоқсан сайынғы есебін Комитетке ұсыну, мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізу, тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлеу және бекіту, Ішкі аудит қызметімен жүргізілген аудиторлық материалдарды ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылдың 1 тоқсанында Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметімен 2 аудиторлық іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 1,5 млн. теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталған, оның алынған шаралармен 0,5 млн.теңгесі қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылған.
Ғ.Бекмұханов,
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл