Аудан тілшілеріне айрықша құрмет

(1 Vote)

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Атырау облыстық бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен "Атырау-Ақпарат" медиа холдингінің баспасөз клубында көрнекті шара өтті.

Атырау облыстық бас редакторлар клубының төрағасы Жанай Амантурлин жиынды жүргізіп, атқарған жұмыс, алға қойған міндеттер жөнінде баяндама жасады. Республикалық "Алтын аймақ" газетінің бас редакторы Төлеген Берішбай клуб жұмысының жанданып келе жатқанына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ "Мақат тынысы" газетінің бас редакторы Гүлзада Салиқова "Тәуелсіздікпен түлеген газет" тақырыбында баяндама жасап, басылым рөлінен мол мағлұмат берді. "Атырау" теле арнасының директоры Қанат Әуесбай, "Атырау-Ақпарат" жшс директоры Ысқақ Дүйсембаев ақпарат саласына қатысты ойларымен бөлісті. Ал Нұр—Сұлтаннан арнайы келген бас редакторлар клубының атқарушы директоры Әсем Жұмабекқызы аз уақыттың ішінде клуб жұмысы жақсы жолға қойылғанын, республикалық дәрежеде қолдау білдіріп отыратындықтарын жеткізді. 

Содан соң республикалық клуб төрағасы Бибігүл Жексенбайдың Құрмет грамотасы мен Құттықтау хаттарын тапсырды. Әсіресе, бұл жерде аудандық газет тілшілері ерекше құрметке ие болды.

img-20210715-wa0045

Жиынды Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Злиха Елубайқызы клуб жұмысына сәттілік тілеп, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай марапаттаушыларды құттықтай келе, алдағы уақытта да облыстық әкімдік тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521