Атыраулық полицейлер 21 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады

(0 Votes)

Атырау облысы аумағында өткізіліп жатқан республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Кеңесов тексеру барысында төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен 72 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

Аталған шетелдік азамат Қазақстан аумағына 2000 жылдары келген, Қазақстан азаматшасымен отбасын құрып, араларында бес бала дүниеге келген.

Ол сол жылдары құжат дайындамақ болған, бірақ қажетті құжаттарды толық жинақтап тапсырмапты.

Аталған оқиға бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы Көші-қон полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігіне жолдаған.

 https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика