АТЫРАУЛЫҚ ОРКЕСТР ҰЖЫМЫ ШЕТЕЛДІК КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНДІ

(0 Votes)

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Мажарстан мемлекеті, Будапешт қаласының “House of music” залында өнер көрсетті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өткен мерекелік іс-шара екі ел арасындағы ынтымақтастық пен мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

-Мәдени кешке Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдрашов қатысты. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Болат Долдашовтың дирижерлігімен көрермен назарына қазақ және шетел классиктерінің шығармалары ұсынылды. Көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендердің зор қошеметіне бөленген оркестр ұжымының еңбегі зор. Сиқырлы саздың сырлы әуезіне құлақ түрген шетелдіктер қазақтың күй өнерінің ерекшеліктеріне қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді,- дейді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Индира Мерекенқызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521