Атыраулықтардың 67,68 пайызы республикалық референдумда дауыс берді

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум үшін өңірде 261 учаске құрылса, олардың 11-і аурухана, уақытша қамау орны, әскери бөлімше тәрізді жабық учаскелер. Бұл бағытта облыста 1200 байқаушы жұмыс істеді.
Референдумда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де бар жағдайлар қарастырылған. Сондай-ақ, арнайы топ қарт адамдардың үйлеріне барып, дауыстарын алды.

Ал, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін бұл жұмыстарға 43 учаскелік комиссия тартылған. Мұнда Республикамыздың әр аумағынан келіп вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар үшін 15 дауыс алу пункті ашылған. Кен орнында еңбек ететін 9 мың қызметкер референдумға қатысуға өз өтініштерін берген.

Сонымен қатар, қаладағы УГ-157/1 мекемесіндегі 181 тергелуші заңды түрде өз құқықтарын пайдалана отырып, дауыс берді.

Осылайша өңірдің дауыс беруге жататын 400 мыңға жуық тұрғынның 67,68 пайызы өз таңдауын жасады. Дауыс берушілер қатарында облыстың қоғам және мәдениет қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері де бар.

Еске салсақ, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді. Өңірдің 18 жасқа толған, әрекет қабылеті бар қатысушылары тек бюллетеньдегі «иә» немесе «жоқ» деген нұсқаны белгілеп, дауыс берді.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда Конституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521