АТЫРАУЛЫҚ ҰСТАЗДАР «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

(0 Votes)

Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсіп, 64-і үздік педагог атанды.

Жеңімпаздар ​ қатарында Атырау білім және инновация лицейінің геометрия, физика пәндерінің мұғалімдері ​ Әділет Раисов, Аяз Мевлют, «APEC Petro Technic»жоғарғы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Айжамал Бағытова, Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі арнайы пәндер оқытушысы Гүлзада Каментаева бар.

Айта кету керек, биыл байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың нәтижесінде 5 мыңнан астам мұғалім қатысқан. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш.

Салтанатты шарада оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов байқау жеңімпаздарын ​ ​ «Үздік педагог» атағымен құттықтап, өз ісіне адалдығы мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Сайлау

ybory-2023-price

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика