Атыраулық полицейлер мас күйінде көлік басқарған 9 жүргізушіні анықтады

(0 Votes)

Қыркүйек айының 24 жұлдызынан 25 жұлдызына қараған түні, яғни 1 түн ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 9 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мысалы, 25 қыркүйек күні сағат 04:10 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский көшесінде Cadillac Escalade маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 1983 ж.т., жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған.

Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1-бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 38 жастағы азамат 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, 9 жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылып, олардың барлығы 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Атырау облысы полиция департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика