banner_damu

Атыраулық полицейлер бейнекамера көмегімен 14 мыңға жуық құқық бұзушылық анықтады

(0 Votes)

- Жедел басқару орталығының қызметі бір секундқа да тоқтамайды. Барлық жедел ақпарат осында келіп түседі. Атырау қаласының аумағында 759 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жүйенің көмегімен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады- деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

- Мәселен, 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалана отырып, 300 астам қылмыс және 13 839 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстар бар. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен анықтайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі - алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, темекі тұқылдарын, тұрмыстық қоқыстарды тастау, – дейді Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Асқар Атамкулов.

Одан басқа, ағымдағы жылы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен жол жүру ережелерін бұзған 10 мыңнан астам жүргізуші, ұсақ бұзақылық фактілері бойынша 3 606 адам анықталып, барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика