banner_damu

Атыраулық полицейлер автокөлік терезесін сындырып 2 млн теңге ұрлаған күдіктілерді ұстады

(0 Votes)

12 қазан күні 13:31 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 1986 ж.т., қала тұрғыны қоңырау шалып, 12 қазан күні сағат 12:50-13:25 аралығында белгісіз адам Kia Sportage маркалы автокөлігінің жүргізуші жақ терезесін сындыру арқылы ішінен 2 млн теңге ақшасын ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген.

Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде, қала аумағында орналасқан бейнебақылау камералары арқылы жәбірленушінің көлігінің артынан Ваз 2114 маркалы автокөлігінің еріп жүргендігін байқаған. Алайда, аталған автокөліктің қала аумағынан шығып кетуіне байланысты, аудандарға тез арада бағыттама берілген.

Бағыттама бойынша, күдікті автокөлікті Индер ауданы, Жарсуат ауылынан 132 шақырым тұсынан полиция қызметкерлері тоқтатып, Ваз 2114 автокөлігін және оның 1977 ж.т., жүргізушісі мен 1974 ж.т., 1981 ж.т., жолаушыларының жеке заттарын тінту кезінде автокөлік ішінен пакетке оралаған ұрланған 2 млн теңге ақша табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Олардың Орал, Ақтөбе және Шымкент қалаларының тұрғындары екендігі белгілі болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ның 3 бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика