Атыраулық полицей мұзға түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарып алды

(7 Votes)

Атырау қаласында 11 наурыз күні сағат 20:00 шамасында Балықшы ықшам ауданынан шыққан 15 жастағы екі жасөспірім мұзға түсіп кеткен.

Балалардың көмек шақырған даусын естігентполиция капитаны Асқар Кабдуллаев дереу балаларды құтқаруға кіріскен. Мұздай судан әлсіреген балалардың өз күштерімен судан шығуға шамасы келмеген. Екі жасөспірімді де судан аман алып шыққан соң, Асқар Кабдуллаев балаларды жақын жердегі өз үйіне апарып, денелерін жылытып, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақыртқан.  Құтқарылған балалардың есімдері Владимир және Данил, бірі колледж студенті болса, екіншісі 8-сынып оқушысы. Балалар мен олардың ата-аналары тілсіз жаудан өмірлеріне араша болған полицейге алғыстарын білдіруде.

Дәрігердердің айтуынша, қазіргі уақытта балалардың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Мұзды суға түскендіктен денелерінде салқын бар. Тиісті ем-домдары жасалады.

Мұзға түсіп құтқарылған балалардың бірі Владимирдің ағасы Александр Кришневский полиция капитаны Асқар Кабдуллаевқа шексіз ризашылығын білдіріп, балалардың өмірін құтқаруы үлкен ерлік деп бағалады. Және де өзге ата-атаналар мен тұрғындар мұз бетіне балаларды қараусыз жібермеуін және ауа райының жылынуына байланысты жұқа мұз үстіне шықпауларын сұрады. Өйткені, апат айтып келмейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика