Атыраулық кәсіпкерлер Республика күніне орай түрлі жеңілдік акцияларын ұйымдастырды

(0 Votes)

Елімізде 25 қазан - Республика күні тойланады. Осыған орай атыраулық кәсіпкерлер облыс тұрғындарына жеңілдік ұйымдастырды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласы бойынша «ДИНА» СӨК» ЖШС базар аумағында барлық тауар сатушылар 10-15% жеңілдіктер және «2 тауар алсаңыз + 1 тауар тегін» акциясын ұйымдастырды.  Modical Kazakhstan жиһаз үйі барлық жиһаз өнімдеріне 2022 жылдың 17 – 31 қазан аралығында 10% жеңілдік, ал «АНВАР» ЖШС сауда орталығында азық-түлік тауарларына 2022 жылдың 31 қазанына дейін 10-15% жеңілдіктер болады.

Сонымен қатар, аталған акция аудандарда да қолдау тапты. Атап айтсақ, Мақат ауданындағы
«Байдар» барлық ойын-сауық орталығы 50%, «Үміт» сауда орталығы 15% жеңілдіктер бар.
 
Қызылқоға ауданында «Керуен» сауда орталығы, «Sweet food» кафесі, «Ақтолқын» азық-түлік дүкендерінде 15% жеңілдіктер ұйымдастырады.
 
Исатай ауданында «Ақжан Арзан» сауда орталығы, «Бегайдар» мейрамханасы және «Каспий», «Айсұлтан», «Арна» азық-түлік дүкендерінде 10-15% жеңілдіктер болады.
 
Махамбет ауданында «Уали» шағын маркеті аз қамтылған отбасыларға «Тегін нан» тарату және кондитерлік өнімдеріне 50%, «Ерасыл» сұлулық салонында барлық қызмет түрлеріне 50%, «Sullmart» отбасылық шағын маркетінде 10% жеңілдіктер болады..
 
Жылыой ауданында «Kids klub kaysar» балалар ойын клубы, Құлсары қаласы Беркад орталық базарының үшінші қабатында орналасқан сауда орталығында 10-15% жеңілдіктер болады.
 
Индер ауданында «Kinderland» балалар ойын-сауық орталығы көп балалы аналарға 20% «Тулеугалиева» ЖК қыз жасауы, құрақ көрпелеріне 15% және «Шапхатова» ЖК 15% жеңілдіктер болады.
 
Құрманғазы ауданында «Береке» сауда үй мерекеге орай барлық тауарларына 10% жеңілдіктер ұйымдастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521