Атыраулық әйел жедел жәрдем көлігінде босанды

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 21 наурызында сағат 21:50-де Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік қызметіне 1991 жылы туған әйелдің іштің тартылуына қатысты шағым келіп түсті.

Шақырушы жүктіліктің 38-39 аптасында болған. 9 минуттан кейін жедел медициналық жәрдемнің фельдшерлік бригадасы пациентке жетті. Келгеннен кейін дәрігерлер әйелдің жай-күйін қанағаттанарлық деп бағалады, бірнеше сағат бойы толғақ болғаны айқындалған. Дәрігерлер перзентханаға шұғыл емдеуге жатызу туралы шешім қабылдады.

Тасымалдау кезінде босанушы әйелде қарқынды босану басталды. ЖМЖ медициналық қызметкерлерінің арқасында жолда босандыру сәтті өтті, қыз бала дүниеге келді. Жаңа туған нәресте мен пациент Атырау қаласының орталық аудандық ауруханасына емдеуге жатқызылды.

Қазіргі уақытта анасы мен сәбиі өздерін жақсы сезінеді, шығаруға дайындалуда, ЖМЖ бригадасына алғысын білдіреді.

Әлия ЖАМИТОВА

Атырау газеті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521