Атыраулық екі ұстаз «Үздік педагог» атанды

(0 Votes)

Бүгін, 29 қыркүйекте бірнеше кезеңге созылған республикалық «Үздік педагог-2021» байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 172 мұғалім бақ сынады.Оның ішінде мектеп мұғалімдерімен қатар балабақша, қосымша білім беру педагогтері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 40 мұғалімі де бар. Олар сайыс кезінде төрт кезең бойынша сынға түсті.

Қатысушылардың жұмысын ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген 20 адамнан тұратын қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде атыраулық екі мұғалім үздіктер қатарынан көрінді. Осылайша, Атырау қаласы М.Бекмұханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмажан Бекбосынова мен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің педагог-психологы Күнайым Рабай «Үздік педагог-2021» жүлдесімен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика