Атыраудан Ресейге әуе рейсі қайта жанданады

(0 Votes)

26 сәуірден бастап Атырау мен Астрахань арасындағы әуе рейстері қайта ашылады.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

26 сәуірден бастап қазақстандық «Qazaq Air» әуе компаниясы Атырау мен Астрахань қалалары арасында аптасына 2 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындамақ. Рейстер сейсенбі және сенбі күндері Bombardier Q400 типті әуе кемесінде орындалады деп жоспарлануда.

Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521