Атырауда жол құрылысы кезінде 55 заңбұзушылық анықталған

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері жергілікті мердігер компаниялармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуде «Сапалы жол» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Оның негізгі мақсаты – жолдарды жөндеу және салу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.

– Әрине, арнайы стандарттарды бұзу салдарынан шамадан тыс жүк тиеген массивтік көліктердің әсерінен жаңа асфальттың бұзылып жатыр. «Сапалы жол» жобасы азаматтық қоғам мен Агенттіктің қатысуымен автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жұмыс пен материалдардың сапасына сараптама жасау барысында ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. Өйткені, барлық мүдделі ведомстволардың жүйелі профилактикалық жұмысы ғана жолдардың бұзылу қаупін азайтады, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Жеңісбек Байшеркешов. Оның айтуынша, 2020-2021 жылдарға арналған жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 61 рейд ұйымдастырып, жол құрылысы кезінде 55 заң бұзушылық анықталған және 47-сі қайта салыныпты. Негізінен асфальттың ені мен қалыңдығына, тығыздығына, жабынындағы жарықтар мен судың төмен қанығуына қатысты белгіленген талаптар орындалмаған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521