Атырауда Жеңістің 75 жылдығына орай "Тағзым Аллеясы" ашылды

(0 Votes)

"Тағзым Аллеясын" облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен қала әкімі Қайрат Оразбаев ашты, деп хабарлайды Атырау Облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы мен қала әкімдіктерінің бастамасымен Жеңіс саябағына - Ұлы Отан соғысының атыраулық қаһармандарына арналған 14 бюст орнатылды.

Олардың ішінде Кеңес Одағының батырлары, Халық қаһарманы мен Даңқ орденінің толық кавалерлері бар. Бюсттер қоладан құйылып, постаменттері толық граниттен жасалған.

Қала әкімінің сөзінше, жиырма жыл бұрын салынған "Жеңіс" саябағы әр жылдары мерекелік атаулы күндерге орай жаңартылып келеді.

Биыл саябақтың аумағы кеңейтіліп күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда.

Саябақтың жанына 1000 ға жуық алма талы отырғызылып, 3800 шаршы метр газон төселіп жатыр. Айта кетерлігі, "Тағзым Аллеясына" бюджеттен ешбір қаржы шыққан жоқ, толығымен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика