banner_damu

Атырауда жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың 65 жылдығы аталып өтті

(0 Votes)

"Әйгілі драматург, қайталанбас туындылар авторы Рақымжан Отарбаев көзі тірі болса 65 жасқа толар еді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында осынау мерейлі дата аталып өтті" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы - драматург Рақымжан Отарбаев қазақ әдебиеті әлемінде мол мұра қалдырған тұлға. Тау тұлғаның 65 жылдығына орай, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Рақымжан Отарбаевтың шығармашылығы аясында библиографиялық көрсеткіштің тұсауы кесілді. Бұл "Рақымжан Отарбаев атындағы мәдениет қоры" жанындағы типографиядан басылып шыққан алғашқы өнім.

"Еңбекке Рақымжан Отарбаевтың көркем, публицистикалық бағыттағы шығармалары, бұған дейін газет-журнал беттерінде жарық көрген драматургиялық туындылары, шет тілінде жарық көрген кітаптары, сұхбаттары мен мақалалары, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы очерктер енді" дейді жазушының жары, Рақымжан Отарбаев атындағы мәдениет қорының жетекшісі Сәуле Отарбаева.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Рақымжан Отарбаев шығармашылығының қазақ халқы үшін маңызын атап өтті.

"Қасиетті Атырау жері таланттарға бай өлке. Сол таланттардың бірі де бірегейі Рақымжан Отарбаев. Даңқты жазушы, қоғам қайраткері Рақымжан аға Отарбаев қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосты. Жазушы -драматургтың шығармалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған. Оның шығармалары жас ұрпаққа үлгі" деді Бақытгүл Хаменова.

Жазушының ұлы Ермерей Отарбаев Рақымжан Отарбаев атындағы дәстүрлі шәкіртақыны Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Журналистика» мамандығының студенті Бибігүл Таңатароваға табыс етті.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика