Атырауда жасөспірімдер ойыншық қарудан «оқ» атқан

(0 Votes)

1 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасы №2 Қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне көрші аулада тұратын жасөспірімдер травматикалық қарумен оқ атып жүргені жөнінде хабарлама түсті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нақтырақ айтқанда, Атырау қаласындағы СМП-136, №6 үйдің 129-пәтерінің тұрғыны, 1976 жылы туылған азаматша Анна Марнинаның ұлына пластикалық оқ атылған.

Жергілікті полиция басқармасыың мәліметінше, аталған мекен-жай бойынша №4 үйдің ауласынан екі жасөспірім анықталған. Олардан пластикалық оқпен атылатын ойыншық тапанша алынды. Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген тапаншаның суық қаруға жатпайтындығы, яғни, балалар ойыншығы екені анықталды. ​

Тексеру барысында жасөспірімдердің бұрын істі болмағандары белгілі болды. ​Оларға қатысты бес ата-анадан жазбаша арыз алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521