Атырауда жантүршігерлік жол апатынан жолаушы мен жүргізуші қайтыс болды

(0 Votes)

Атырау-Индер тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды  https://atpress.kz тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша, 15 ақпан күні сағат 15:00-де Атырау-Индер тасжолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан. Нәтижесінде Lada Granta автокөлігінің 1997 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында, 1962 жылы туған жолаушы ауруханада қаза тапты. Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Соққыдан кейін Toyota Ipsum көлігі өртенген, одан зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек бойынша аудандық ПБ-мен ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521