Атырауда жаңадан тұрғызылған жер үйлер жеңілдікпен сатылып жатыр

Рейтинг: 5 / 5

Қазіргі таңда Атырау ауылдық округіне қарасты Зарослый алабында 10 үй салынып дайын тұр» деп хабарлайды Atr.kz

«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» мен «ЕвроАзия Құрылыс» ЖШС-нің бірлескен жобасы шеңберінде салынған үйлер шаршы метрі 180 мың теңгеден сатылуда. Яғни, бір үйдің құны 20 160 000 теңге – 20 718 000 теңге аралығында бағаланып отыр.

«Қазіргі таңда аталған үйлерге автокөлік, ауыл ішілік жолдары салынуда. Үйлердің жалпы көлемі 112 – 115,1 шаршы метр аралығында. Әр жеке үй орналасқан жер телімі көлемі 8 га.

Тұрғын үйлерді «Отбасы Банк», «Центр кредит Банкі» АҚ, «Halyk Bank» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «RBK BANK» АҚ, «Eurasian Bank» АҚ, «СБЕРБАНК» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Jusan Bank» арқылы сатып алуға болады. Бастапқы жарна 20%.

Тұрғын үйді рәсімдеу үшін сатып алушының атағында үй бар-жоқтығы маңызды емес. Бастысы, клиент өзіне ең тиімді бағдарламаны таңдау арқылы, баспаналы бола алады» деп нақтылады «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз-қызметі бізге берген ақпаратында.

Баян Жанұзақова

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика