Атыраудағы 2 тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлескерлері облыс басшылығымен кездесті

(0 Votes)

“Ақмаржан” және “Жібек жолы” ТҚК үлескерлері облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновпен облыс әкімдігінде әңгімелесу алаңында кездесті, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Әңгімелесу алаңында мемлекеттік органдар, полиция департаменті, прокуратура, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, сәулет және құрылыс басқармасы және өңірдегі ірі құрылыс компаниялары қатысты.

Облыс әкімнің орынбасары Қайрат Бекеновтің айтуынша, жеке бастамашыл топ құрылатын болады және тұрғын үйге жұмсалған қаржыны толығымен есептеп, құрылысты ары қарай жалғастыру үшін жұмыстар жүргізілмек.

- Біз үлескерлермен жеке сөйлесіп, кездесіп, нақты мәселелерін білдік. Құрылыстың аяқталуына көмек қолын созу үшін өңірдегі ірі құрылыс компаниялары да жиынға шақырылды. Олар әрдайым тұрғындарға қол ұшын созуға дайын. Енді кезектегі мәселе тұрғын үйді жалғастыру үшін қанша қаржы керек екенін білу. Сонымен қатар, кей үлескерлер үйдің ақшасын қайтаруын сұрайды. Бүгінгі күні олардың нақты сандары анықталуда,- деді облыс әкімі орынбасары.

"Атырау облысы бойынша К7" құрылыс компаниясының директоры Тимур Өтемұратов үлескерлерге  көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

"Алайда, ол үшін біріншіден қанша тұрғын үй алдын ала сатылғанын және үлескерлердің ары қарай үйді жалғастыру үшін қандай төлем жасай алатындығын анықтап, құжаттарды түгендегеннен кейін ғана келісімге отыру қажет" деп атап өтті спикер.

Жиынға “Модерн-Атырау” ЖШС-нің директоры, облыс бойынша К7 құрылыс компаниясының директоры, SDN Construction құрылыс компаниясының аумақтық директоры, “Каспийская Кадровая Ассоциация” ЖШС-нің директоры, “ГТЭС-Строй” ЖШС-нің директоры, “Атырау Курман Құрылыс” ЖШС-нің құрылтайшысы, “КазЭлитСтрой” ЖШС-нің сату бөлімінің менеджері, “Bastau Construction” ЖШС-нің жоба басшысы қатысты.

Айта кетейік, бүгінгі күні өңірде 10 ТҚК бар. Олардың әрқайсысымен облыс басшылығы атынан әңгімелесу жұмыстары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521