Атырауда VIP нөмір алушылар жалған түбіртек қолданып, 5 млн теңге төлемеген

(0 Votes)

Атырауда көлігіне VIP нөмір алушылар жалған түбіртек қолданып, 5 млн теңге төлемеген.

Көлік иелерінің VIP нөмірлерге сұранысы артып отыр. Алайда, осындай нөмірлерді сатып алу кезінде жалған түбіртекті қолданатындар бар. Атырау қалалық прокуратурасы VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандарды анықтады.

«Сатып алынған нөмірлердің сомасын бюджетке нақты түсіммен салыстырып тексеру кезінде 5 млн теңгеден астам қаражаттың түспегені белгілі болды. VIP нөмірлерді сатып алушылар төлем жасарда жалған түбіректерді қолданып, мемлекетке залал келтірген. Қазір Атырау қалалық прокуратурасы аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен, 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ал, Атырау көлік прокуратурасы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген.

«Талдау кезінде Грузиядан әкелінген Toyota land cruiser көлігі үшін кедендік төлемдерді жүргізбей, заңсыз мемлекеттік тіркеуге қою дерегі белгілі болды. Көлік прокуратурасының актісі негізінде облыстық полиция департаменті қалалық сотқа талап арыз беріп, оны қарау нәтижесінде автокөлік иесі мемлекет пайдасына 8 млн теңге көлемінде кедендік баж бен өсімпұл төледі», - деп мәлім етті прокуратурадан.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT