Атырауда ТЖ кезінде екі сауда үйі мен базар заңсыз жұмыс істеген

(0 Votes)

Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб мамандары сауда нысандарына рейд жүргізді.

Санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау үшін дүкендер, дәріханалар, сұлулық салондары, алкомаркеттер мен супермаркеттер тексерілді. Жедел штаб мәліметінше, рейд жұмысы кезінде жүзге жуық сауда нысаны мен шағын кәсіпорындар тексеріліп , 30-ға жуық заң бұзушылық анықталған.

- Атап айтқанда, «Балықшы» базары мен «Дәулет», «Жайық» сауда үйлері заңсыз жұмыс істеген.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, олардың қызметі тоқтатылды, - дейді жедел штаб өкілі Әли Ағжанов.

Сондай-ақ, тексеріс барысында дүкендер, супермаркеттер мен сауда орталықтарының иелері облыстың Бас санитарлық дәрігерінің санитарлық талаптарын сақтамағаны белгілі болды: сатушылар мен сатып алушыларда медициналық маска мен арнайы қолғаптың киілмейтіндігі, сатып алушылар арасындағы қашықтықтың сақталмайтындығы анықталды.

- Сұлулық салондарында шаштараздан бөлек, маникюр және педикюр бөлмелері жұмыс істейді, - деді Әли Ағжанов.

Айта кетейік, мұндай рейдтер Атырау қаласында карантин режимінің жалғасуына орай әлі де жүргізілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика