Атырауда тонналап дизель ұрлағандар ұсталды

(0 Votes)

Атырауда Мемлекеттік кірістер органдары акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың 1 тоқсанында іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 1 087 005 теңгеге 2223 бөтелке заңсыз алкоголь өнімдері анықталды.

Сондай-ақ, мұнай өнімдерін заңсыз өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар анықталды, жалпы сомасы 4,8 млн теңгеге 28,3 тонна дизельдік отыны тәркіленді. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімі негізінде 2223 бөтелке тәркіленіп, 28,3 тонна ТД тәркіленді.

Материалдар қарау үшін Атырау қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Болашақта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдер заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика