Атырауда өткен тәулікте 560 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Рейтинг: 0 / 5

Облыс тұрғындарын covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 560 адам «Спутник V»  вакцинасының І компонентін алды. Оның ішінде, 69 медицина қызметкері, 49 педагог, 14 полиция қызметкері, 7 студент, 6 жабық мекеме қызметкері, 25 құқық қорғау органдарының қызметкері, 32 мемлекеттік қызметкер, 4 созылмалы аурумен ауыратын адам, 354 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 8 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 6708 адам, II компонентпен 2570 адам вакцинацияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика