Атырауда өткен ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

(1 Vote)

Бүгін Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған «Қалың елім, қазағым!» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен ақтық кезеңде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталды. КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы өз шешімін шығарды.

img-20201121-wa0039-1024x682

Нәтижесінде, Бас жүлдені павлодарлық ақын Рауан Қайдаров жеңіп алды. Ал, түркістандық Еркебұлан Қайназар бірінші, алматылық Рүстем Қайыртайұлы мен атыраулық Шалқарбай Ізбасаров екінші және семейлік Әсем Ережеқызы, түркістандық Алтынгүл Қасымбекова мен қызылордалық Нұрмат Мансұров үшінші орын иеленді.

img-20201121-wa0048-1024x682

Сондай-ақ, Махамбет ауданынан Серік Қойшығұлов, индерлік ақын Жәнібек Садыров және жылойлық Сырымбек Сәрсенбаевқа арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетейік, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған екі күндік жыр додасында еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 24 ақын бақ сынаған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика