Атырауда танымал суретші дүниеден өтті

(0 Votes)

Бүгін, 4 қарашада 63 жасқа қараған шағында атыраулық белгілі суретші Әділқайыр Жантасов дүниеден озды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қаралы хабарды әлеуметтік желіде суретшінің достары мен өнер жанашырлары хабарлады.

Әділқайыр Жантасов Атырау облысы Индер ауданының тумасы. 1958 жылы дүниеге келген. Алматыдағы Гоголь көркемсурет училищесін, бірнеше жылдан кейін – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын үздік бітірген.

Қазақстан Суретшілер Одағының және Дизайнерлер Одағының мүшесі болды.

Қылқалам шебері Әділқайыр Жантасов Атырау қаласының Елтаңбасының авторы (1993 жылы байқауда жеңімпаз атанды).

Өмірінің соңғы жылдары Әділқайыр Жантасов Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында ұстаздық етті.

Суретшінің жеке қорында жүзден астам түрлі картиналары мұра болып қалды.

Оның қазақтың әйгілі күйлерімен орындалған «Адай», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Махамбет» «Көңіл толқыны» шығармалары өнер сүйер қауым арасында зор танымалдыққа ие.

Әділқайыр Жантасов  сұхбаттарының бірінде атақ қуып көрмегенін, сондықтан қарапайым сурет мұғалімінің жолын таңдағанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Сайлау

ybory-2023-price

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика