Атырауда тамақтан улану фактісі анықталды

(0 Votes)

Жыл басынан бері өңірімізде алғаш рет тамақтан улану фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Күні кеше облыстық инфекциялық ауруханада 7 бірдей адамның улануы тіркелсе, бүгін 2 жағдай анықталып отыр. Оқиға С.Датов көшесінде орналасқан жеке меншік "Afisha" дүңгіршегінде орын алды. Зардап шегушілер тез тағам дайындау орнынан құс етінен жасалған донер тағамын тұтынған. Осы жағдай бойынша Атырау қалалық полиция басқармасымен тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Мекеме өз жұмысын уақытша тоқтатты. Ал, зардап шегулер жіті дәрігердің қалағалауында, - деді Ә.Бекешова.

Ал, аталған департаменттің басшы орынбасары Гүлназ Ирбатырова көктем-жаз айлары жедел ішек инфекциясы ауруының қаупі артатын кезең екенін, сондықтан үнемі жеке бас гигиенасын сақтап, азық-түлікті белгіленбеген орындардан сатып алмау керектігін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика