banner_damu

Атырауда табысты әйелдер марапатталды

(0 Votes)

Атырауда "Еңбегі жанған арулар" облыстық Іскер әйелдер форумы өтті. Аталған іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығының 25 жылдығына арналды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара білім беру, тамақ өнеркәсібі, сән индустриясы, әлеуметтік кәсіпкерлік, өндіріс сияқты түрлі салаларда жұмыс істейтін, атқарушы билік орындарында қызмет ететін іскер әйелдердің басын қосты.

-Бүгінгі қоғамда әйелдер ер азаматтармен қатар мансаптық биіктерге жетіп, еліміздің экономикалық және қоғамдық дамуына белсенді үлес қосып келеді, деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

- Қазіргінің әйелдері жан-жақты. Олар ошақтың сақтаушылары ғана емес, бизнесте табысты, басшылық лауазымдарды басқарумен қатар, өз-өздерін де  дамытып жүр. Әйелдердің небір шыңдарды ерлікпен жеңіп, кедергілерді жеңіп, мақсатқа қалай жетіп жүргені туралы да көптеген мысалдар бар. Осы ретте ауылда жүріп те өз бизнесін табысты жүргізіп келе жатқан әйелдердің баға жетпес еңбегін ерекше атап өткім келеді. Біздің елде әр адамның өз ісін дамытуға және табыс табуына барлық мүмкіндік жасалған, - деді Бақытгүл Хаменова.

Өңірде гендерлік теңдікті ілгерілетуге сіңірген еңбегі үшін бірқатар әйелдер және ерлер мамандығын игерген нәзік жандар  облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Солардың бірі - Мейрамгүл Тілекқабылқызы. Ол  " ССИ " компаниясында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Мейрамгүл - Қазақстандағы осындай ауыр еңбекпен айналысатын екі әйелдің бірі.

- Менің әкем дәнекерлеуші болды. Әкеммен ілесіп жұмысына жиі баратын едім. Сөйтіп мамандыққа деген қызығушылығым артқан болуы керек. Бастауыш сынып мұғалімі дипломын алғаныммен, бұл салада қызмет етпедім. Әкемнің жолын таңдадым. Өйткені,  бұл іс маған ұнайды. Біздің компанияда 150 дәнекерлеуші ер адам жұмыс істейді. Өзім жалғыз әйел болсам да, олармен бірдей қызмет етуге тырысамын, - дейді Мейрамгүл.

Іс-шара соңында қонақтар үшін қолөнер шеберлері мен кондитерлердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика