Атырауда түрмеге ұялы телефон лақтырған азамат ұсталды

(0 Votes)

9 қыркүйек күні Атырау қалалық әкімшілік соты Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы) мекемесінің аумағы ұялы телефон, модем және сим-карта лақтырған қала тұрғынына қаулы шығарды.

11 тамыз күні түнгі сағат 3-тер шамасында мекеменің қарауылы скотчқа оралған белгісіз заттардың мекеме аумағына лақтырылғанын хабарлап, Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел-тергеу тобы шақырылды.

- Айғақ заттарды қарау кезінде 4 “Samsung” ұялы телефоны, қуаттағыш құрылғы, сим-карталар мен 2 модем табылды. Ұялы телефонды қарау кезінде ішінен қала тұрғының суреттері табылған. Одан бөлек түнгі уақытты жасырынып, заттардың түскен жеріне келген мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат ұсталды,- деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі.

Департаменттің полиция қызметкерлерінің бірліскен жұмысының нәтижесінде заттарды лақтырған азамат та ұсталды. Айта кету керек, жазасын өтеуші заңсыз сәлемдемені кімнің лақтырғанын айтпаған. Сондай-ақ мамыр айында “курьер” мен “тапсырыс беруші” қысқа мерзімді кездесу кезінде кездескен. Атырау қалалық әкімшілік сотының қаулысымен сәлемдеме лақтырған 25-жастағы қала тұрғынына әкімшілік жаза қолданып, УГ-157/9 мекемесінің әкімшілігімен сәлемдемені қабылдап алмақ болған жазасын өтеушіге тәртіптік жаза қолданылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика