Атырауда сотталғандарды құжаттандыру жүргізеді

(1 Vote)

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген және қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарын түзеу мекемелерінің орналасқан жері бойынша тіркеуден міндетті түрде шығара отырып құжаттайды.

Арнайы есепке алу бөлімі мен Атырау қаласының көші қон қызметі халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімі қызметкерлері арасында бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда. Осы сотталғандарды құжаттандыру мәселесі әлі күнге дейін өзекті проблемалардың бірі болып табылады, өйтені бұл олардың қоғамдағы әлеуметтік бейімделуінің негізі.Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын, мүгедектікті, әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етуді мүмкін етпейді, шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін қиындатады. Бостандыққа шықаннан кейін адамның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге мүмкіндігі болмайды, жұмыс табуда, зейнетақы алу кезінде қиындықтар туындайды, азаматтық құқықтық мәмілелерге қатыса алмайды. Мысалға, Атырау облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеп отырған 1982 жылы туылған сотталған Акерке. Сотталғанға дейін Атырау қаластында тұрған. Мекемеде 2020 жылдан бастап жазасын өтеп отыр. Мекемеге келген күннен бастап сотталғанның жеке ісінде жеке басын куәландыру үшін, туу туралы куәлік жазбасының көшірмесі және үкімнің кіріспе бөлігі қоса болды. Акеркені құжаттандыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Мекеменің арнайы бөлімімен және Атырау қаласының көші қон қызметінің бірлескен жұмысы арқасында сотталғанның төлқұжаты жасақталып берілді. Сотталғанның айтуынша мекемеден босатылғаннан кейін төлқұжатын алып, тұрғылықты мекен жайына барып тіркеуге алынатынын, жұмысқа орналасатынын айтты. Мекеме әкімшілігіне ризашылық білдіріп, алғыс сөздер айтты.

Сонымен қатар әр тоқсан сайын мекеменің арнайы есепке алу бөлімі мен көші қон қызметі халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімі қызметкерлерімен бірлескен жиналыс өткізіліп, түйінді мәселерге тоқталып, оларды шешу жолдарын талқыланады.

 

Исмагулова Сауле,

УГ-157/11 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521